
Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгерген кезде қайта есептеу ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Жәрдемақы мөлшері мүгедектігі бар адамның санатына, жасына және мүгедектік тобына байланысты белгіленеді.
Жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшерінде тағайындалады.
Бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – ең төмен күнкөріс деңгейінің 2,20 мөлшерінде;
Екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,83 мөлшерінде;
Үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 мөлшерінде тағайындалады.
Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – ең төмен күнкөріс деңгейінің 2,20 мөлшерінде;
Бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 мөлшерінде;
Бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
Ал бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – ең төмен күнкөріс деңгейінің 2,20 мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 мөлшерінде;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.









