СҰРАҚ – ЖАУАП

    СҰРАҚ – ЖАУАП
    1. Мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі

    Сұрақ:
    Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап:
    Объектілердің меншік иелері мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге міндетті. Бұл пандустар, көтергіш құрылғылар, тұтқалар, қолжетімді кіреберістер, санитариялық тораптар, автотұрақ орындары және тактильді навигация құралдарын қамтиды.

    Объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізіліп, ақпарат Қолжетімділік картасына енгізіледі.

    1. Техникалық және арнаулы құралдармен қамтамасыз ету

    Сұрақ:
    Мүгедектігі бар адамдар техникалық және арнаулы құралдармен қалай қамтамасыз етіледі?

    Жауап:
    Қамтамасыз ету жеке қажеттіліктер мен ОЖБ-да көрсетілген ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

    Техникалық және арнаулы құралдарды мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тіркелген өнім берушілердің арасынан өзі таңдай алады.

    1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау

    Сұрақ:
    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап:
    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар лицензиялауға жатады.

    Негізгі талаптар қызметкерлердің біліктілігіне, материалдық-техникалық базаға, өрт қауіпсіздігіне және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға қатысты.

    Лицензиялау арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары