1955 жыл – Безгекке және бруцеллезге қарсы станциялардың СЭС құрамына қосылуы
Жеке жұмыс істеген безгекке қарсы және бруцеллезге қарсы станциялар СЭС құрамына біріктірілді.
Бұл өзгеріс өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды орталықтандырылған түрде басқаруға мүмкіндік берді.
Жұқпалы ауруларға қарсы күресте тиімділікті арттырды.
1956 жыл – Бактериологиялық зертхананың құрылуы
Облыстық СЭС құрамында бактериологиялық зертхана құрылды.
Мақсаты – жұқпалы ауру қоздырғыштарын анықтау және эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу.
Санитарлық-гигиеналық жағдайды ғылыми негізде талдауға жол ашты.
1961 жыл – Радиологиялық топтың құрылуы
Облыстық СЭС құрамында радиологиялық топ ұйымдастырылды.
Радиациялық қауіпсіздік, сәулелену деңгейін бақылау жұмыстары жүйеленді.
Бұл топтың құрылуы – ядролық өндірістің дамуымен байланысты қажеттілік болды.
1968 жыл – Санитарлық-гигиеналық зертхананың ашылуы
СЭС құрамында сангиглаборатория құрылды, ол екі бөлімнен тұрды:
Коммуналдық гигиена бөлімі – ауыз су, ауа, топырақ, кәріз жүйесінің жағдайын бақылау.
Тамақтану гигиенасы бөлімі – тағам сапасын, қоғамдық тамақтану орындарының санитарлық жағдайын тексеру.
Бұл зертхана халық денсаулығын қорғауда және СЭС қызметінің кәсіби деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









