Заңсыз интернет-казино ойыншыларынан дропперлердің шоттарына 110 миллион теңгеден астам қаражат түскен

    Заңсыз интернет-казино ойыншыларынан дропперлердің шоттарына 110 миллион теңгеден астам қаражат түскен

    Алматыда заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен адамдар тобының әрекетіне тосқауыл қойылды.

    Тергеу дерегінше, күдіктілер «Olymp Casino», «Rukh Poker» және «7Kcasino» интернет-казиноларының төлем жүйесін ұйымдастырған. Оның ішінде «Rocket.do» онлайн-платформасы арқылы ойыншылардан ақша қабылдау және оны өңдеу жолға қойылған.

    Бұл іске қатысушылардың бірі — шетел азаматы. Ол 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып, өз банк шоттарын пайдалануға беруге келісетін адамдарды іздеген.

    Тапқан дропперлерін Қазақстанға әкеліп, ЖСН рәсімдету үшін ХҚКО-ға ертіп барған. Одан кейін банк бөлімшелеріне апарып, шот аштырған.

    Соның нәтижесінде күдікті 15 шетел азаматының банк шоттарына қол жеткізген, сондай-ақ өз шотын да пайдалануға берген.

    Ойыншылардан 16 дроппердің шотына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асты.

    Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуіне ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

    ҚР ҚМА баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі" жаңалықтары