
Бүгін қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға мәслихат депутаттары атынан Баянды Сахарияұлы қатысып жұртшылықтың арыз-шағымдарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жұмысы, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік көмек, баспана мәселесі және өзге де салалар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Көтерілген мәселелерді шешу бойынша Берген Жұмкейұлы жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Әр сауалдың оң шешімін табуы депутаттық корпус өкілдерінің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, Қосшы қаласы әкімдігі тұрғындарды тұрақты түрде қабылдайды. Жеке қабылдауға алдын ала 8 (7172) 607-770 байланыс телефоны арқылы жазылуға болады.








