Аскаридоз - адам ағзасында тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жегеннен, ластанған топырақ, қайнатылмаған су ішкенде, жуылмаған қолдар арқылы құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Аскаридоздың клиникасында 2 кезең байқалады: бастапқы (миграциялық) және соңғысы (ішектегі). Бастапқы– аскарида дернәсілінің өкпеге қарай миграциясы кезеңінде жөтелу, суық тию белгілері, қышыну, дене қызуы тәрізді уытты-аллергиялық құбылыстар байқалады, жаппай инвазиялау кезінде бронхит, пневмония, демікпе секілді асқынуларға әкеледі. Ал, соңғы ішектегі кезеңінде асқазан-ішек жолдары қызметі ауытқулары құсу, іш кебу, үлкен дәреттің бұзылуы сонымен қатар, тез шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, жүрек айнуы, ұйқының бұзылуы, салмақ жоғалту белгілері болады. Алдын-алу және індетке қарсы шаралары. Алдын алу шараларының негізгісі – паразиттерді тасымалдауы мүмкін адамдарды белсенді анықтау және оларды емдеу. Балаларға дәретханадан кейін және тамақтану алдын қолды сабынмен жуу, жеміс-жидек, көкөністерді қайнаған сумен жуу, тырнақтарды уақытылы алу, іш киімдерді күн сайын ауыстыру сынды т.б ережелермен қарапайым санитариялық-гигиеналық тазалықты сақтауға үйрету.
Аскаридоз: белгілері және алдын алу.
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы
Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы ЕлшілігіАшу
№36 гимназияда Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті
Алмалы ауданы әкімінің аппаратыАшу
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
Сарысу ауданының әкімдігіАшу
Еңбек күніне орай «Еңбек – елдің құты» атты мерекелік іс-шара өтті
Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыАшу
"" жаңалықтары

Қазақстандықтар жыл басынан бері бала тууына байланысты 200 мыңнан астам біржолғы мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеді
Ашу
Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді
Ашу«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді
Ашу2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
АшуТуляремияның алдын алу
Ашу