«Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!

    Қазақстанда алғаш рет өтетін ауқымды марафон еліміздің барлық өңірінен оқырмандарды біріктіреді.

    Марафон: қыркүйек 2026 – сәуір 2027 Қатысуға 7 бағыт бойынша болады:
    📖 «Кітап оқитын мектеп»
    🎓 «Кітап оқитын колледж»
    🏫 «Кітап оқитын университет»
    👩‍🏫 «Кітап оқитын педагог»
    👥 «Кітап оқитын әулет»
    🏛️ «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
    🧠 «Кітап оқитын зиялы»

    Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқиды. Негізгі оқу кезеңі қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде тестілеу мен интеллектуалды квиздер өтеді.
    🏆 Жүлде қоры:
    🥇 600 000 ₸
    🥈 450 000 ₸
    🥉 300 000 ₸

    Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

    Қатысу ережелері мен кітаптар тізімі: www.reading-nation.kz

    Кітап оқиық. Білімді, ойлайтын ұлт болайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары