Нөмірсіз мотоцикл, мас жүргізуші: Абай облысының полицейлері қауіпті жүргізушінің жолын кесті.

    Нөмірсіз мотоцикл, мас жүргізуші: Абай облысының полицейлері қауіпті жүргізушінің жолын кесті.

    Абай облысының полицейлері Семей қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жүргізушінің жолын кесті. Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 40 жастағы азаматтың масаң күйде болғаны анықталды. Яғни жүргізуші бірден бірнеше талапты елемеген: мотоцикл мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалған, ал оның өзі алкогольдік масаң күйде көлік басқарған. Бұл – жол ережесін жай ғана бұзу емес. Масаң күйдегі жүргізушінің рөлге отыруы – жолдағы әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігіне төнген нақты қауіп. Бір сәттік жауапсыздықтың салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Жолда жүргізушінің өз өмірі ғана емес, жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және басқа да көлік жүргізушілерінің тағдыры таразыда тұрады. Полицейлер жүргізушіні жол қозғалысынан шеттетіп, қажетті процессуалдық шараларды қабылдады. Бұл оқиға – мас күйінде көлік басқарудың соңы қандай болатынын көрсететін кезекті мысал. Рөл – ойыншық емес. Жол – сынақ алаңы емес. Ал мас күйінде көлік басқару – «батылдық» емес, заң алдында жауап беруге әкелетін қауіпті әрекет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары