
Жаңа оқу жылының басталуына орай балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, жолақтары салынды.
Құрметті көлік жүргізушілері! Мектептер маңында көлік қозғалысы кезінде асықпай, жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілер өткелінде балаларға жол беруді сұраймыз.









