ЖАҢА АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ЖАҢА АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
    🔸 Жалағаш кенті әкімі аппаратының қызметкерлері 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген жаңа абаттандыру қағидаларын тұрғындарға түсіндіру мақсатында кент аумағындағы үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертпе парақтарын таратты.
    🔸 Аралау барысында тұрғындарға жеке тұрғын үй аумағын күтіп ұстау, көшеге іргелес аумақтың тазалығы мен абаттандырылуына жауапкершілікпен қарау, құрылыс материалдары мен түрлі заттарды белгіленбеген орындарға орналастырмау және санитарлық тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    🚨 ЕСКЕ САЛА КЕТЕЙІК! 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа абаттандыру қағидасы қолданысқа енгізілді.Жаңа талаптарға сәйкес,жеке тұрғын үй иелері өздеріне тиесілі аумақтың үй іргесінен 5метрге дейінгі бөлігін қоқыстан, арамшөптерден тазартып, үй нөмірін іліп қою жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
    ‼️ Тазалық талаптары орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғуы мүмкін.
    📢 БІЗ СІЗДІҢ ҮЙДІҢ ЕСІГІН ҚАҚПАСЫН ДЕСЕҢІЗ, ҮЙІҢІЗДІҢ АУМАҒЫН ТАЗА ҰСТАҢЫЗ!!!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары