Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс өтті

    Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс өтті

    Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс өтті

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Талды ауылында шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды.

    Спорттық додаға ауданның елді мекендерінен 80 спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында командалар тартысты ойын көрсетіп, спорттық шеберліктерін танытты.

    Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    • 🥇 І орын – Ағадыр кенті
    • 🥈 ІІ орын – Өспен ауылы
    • 🥉 ІІІ орын – Қайрақты ауылы

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар табысталды.

    Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттап, аудан жастарының бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары