SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    Қарағанды облысының SARYARQA телеарнасы жаңа маусымды елеулі өзгерістермен бастады. Студияда аумағы 45 шаршы метр болатын LED-экран мен тігіссіз еден пайда болды. Телевизия мамандары мұндай жаңғыртуды көптен бері армандаған еді. Студияның жаңа келбетімен қатар, эфирге жаңа жобалар да жол тартты.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    Телеарна жаңа маусымын көпшілікке таныстырды. Презентацияға телевизия саласының ардагерлері, әріптестер мен серіктестер шақырылды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркін Мұхамеджанов қатысты.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    — Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды артықшылығы бар. Олар өз аумағын және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жақсы біледі. Мұнда ақпараттың дәлдігі мен шынайылығы аса маңызды. Бұл — уақыт өте келе маңызын жоғалтпайтын кәсіби қағида. Қарағанды телевизиясының алғашқы эфирге шыққанына биыл 68 жыл болды. Осы уақыт ішінде технология да, көрермен де, ақпарат тарату тәсілдері де өзгерді. Алайда ең басты құндылық — аудиторияның сенімі өзгеріссіз қалды, — деді Әлібек Әлденей телеарна ұжымына жаңа маусымда табыс тілеу барысында.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    SARYARQA телеарнасының директоры Жұрағат Баман жаңарудың шынайы нәтижесін көрермен эфирден көріп, сезінуі керек екенін атап өтті.

    — Жаңа студия — біз үшін ең алдымен құрал. Техниканың өзі сапалы телевизия жасамайды. Ең бастысы — мазмұн. SARYARQA — тарихы терең, өзіндік дәстүрі мен қалыптасқан мықты журналистік мектебі бар телеарна. Біздің міндетіміз — ең құнды дүниелерді сақтап, оларға заманауи сипат беру, — деді ол.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    LED-экран студияны икемді цифрлық кеңістікке айналдырады. Оның көмегімен тұтас қабырғаға карта шығарып, инфографика мен басқа да визуалды контентті көрсетуге болады. Бұл жүргізушіге көбірек еркіндік берсе, көрермен үшін эфирдегі бейненің динамикасын арттырады.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    Көрерменге бұрыннан таныс жобалар да жаңарды. Олардың қатарында «Арқа Ақпарат» ақпараттық бағдарламасы, «Апта» қорытынды бағдарламасы және «Сәлем, Қарағанды!» таңғы шоуы бар.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    Жаңа жобалардың бірі — «Айтылды, орындалды ма?». Журналистер бұған дейін айтылған тапсырмалар мен берілген уәделерге қайта оралып, олардың іс жүзінде қаншалықты орындалғанын тексереді.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    «Теле-Дала» — дөңгелекті жылжымалы телестудия. Түсірілім тобы брендтелген шағын автобуспен облыстың қалаларына, аудандары мен ауылдарына барып, жергілікті жерден материалдар әзірлейді.

    SARYARQA жаңа студияға көшті. Жаңа телемаусымда көрермен назарына не ұсынылмақ?

    Тағы бір жаңа жоба — «Еңселі Қарағанды». Бағдарламада өңірдің өзіндік ерекшелігін танытатын орындар, адамдар мен жобалар көрермен назарына ұсынылады. Олардың қатарында туристік нысандар, кәсіпорындар, сондай-ақ мәдени және спорттық бастамалар болуы мүмкін.

    Сонымен қатар телеарнаның жаңа маусымдық эфирлік кестесіне «Қамқорлық» және «Таразыда тәртіп» жобалары да енгізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары