Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі

    5 қыркүйек - Қазақтан халқы тілдері күні қарсаңында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, "Тілім-тірегім" челленджін қолдау мақсатында "Тіл-мемлекеттік қызметтің тірегі" атты мамандар арасында Quiz ойыны түрінде іс-шара өткізді.

    Іс-шара барысында мамандар мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша сұрақтарға нақты жауап беріп, жұмыс барысынан мысалдар келтіріп, белсенділік танытты.
    Іс -шара соңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.К.Шалабаеваның Алғыс хаты табысталып , Абайдың өлеңдер жинағы сыйлыққа берілді.

    Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, мемлекеттік тілде сапалы іс жүргізуге және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде рөлін арттыруға ықпал етеді.
    Тіл - халықтың құндылығы, еліміздің нығаймас беріктігінің негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары