1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    1-ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Жаңа оқу жылының басталуымен барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! 📚✨

    Білім — адам баласының болашаққа басқан ең сенімді қадамы. Бұл күн — білім шыңына сапар шегетін оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктердің, ал бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін мүлде жаңа әлемнің бастауы.

    Бүгін — білім шыңына қадам басқан әрбір бала үшін ерекше, толқынысты күн! Майлы Орманов атындағы орта мектептебінде салтанатты жиын өтіп, 26 бүлдіршініміз алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды!Бұл күн — олар үшін білім мен ғылым әлеміне, қызықты сабақтар мен жаңа достарға толы жаңа өмірдің бастауы.

    • Оқушыларға: Төзімділік, ізденімпаздық және оқуда тек жақсы бағалар тилейміз!

    • Ұстаздарға: Сабырлылық, сарқылмас қайрат және шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанатын сәттер көп болсын!

    • Ата-аналарға: Балаларыңыздың биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

    Жаңа оқу жылы табысты әрі жемісті болсын! 🔔

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Кеген ауданының Жылысай ауылдық округінің әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары