Қарақия ауданында көше жарықтандыру шамдары жаңартылуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарақия ауданында көше жарықтандыру шамдары жаңартылуда

    Қарақия ауданында елді мекендердің сыртқы жарықтандыру жүйесін жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Қазіргі таңда Құрық, Жетібай және Мұнайшы ауылдарында 250 ге жуық көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

    Жұмыстардың негізгі мақсаты – көшелердің жарықтандырылу сапасын арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекендердің көріктілігін жақсарту.

    Көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары Сенек, Бостан, Құланды және Болашақ ауылдарында кезең-кезеңімен жалғасын табады.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары