Мектеп пен оқушыларға арналған жағдайлар басты назарда

    Жаңа оқу жылының басталуымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Сәуле Сұрағанова мен Ольга Клишина Аққайың ауданының Смирнов мектеп-гимназиясында болды.

    Жұмыс сапары мектепті қарап қана қоймай, сол жерде балалардың қандай жағдайда оқитынын және мұғалімдердің жұмыс істейтінін бағалауға мүмкіндік болды.

    Депутаттар оқу процесінің ұйымдастырылуымен, мектеп инфрақұрылымының жай-күйімен, пәндік кабинеттердің жарақтандырылуымен, оқу-әдістемелік материалдармен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуімен танысты.

    Оқушылардың қауіпсіздігі мен мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне-балалардың жайлылығы мен әл-ауқатына тікелей байланысты бағыттарға ерекше назар аударылды.

    Мұндай жұмыс сапарлары мектептердегі жағдайды тікелей көруге, мұғалімдердің пікірін тыңдауға және шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты" жаңалықтары