Балқашта оқушыларға жаңа спорт алаңы ашылды

    Балқаш қаласында оқушылардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалуда. Қоңырат шағынауданында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 мектеп оқушыларына арналған жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

    Балқашта оқушыларға жаңа спорт алаңы ашылды

    Қос білім беру ұйымының бірігуінен кейін қосымша спорт инфрақұрылымына қажеттілік туындаған. Қазіргі таңда мектепте 497 бала білім алады.

    Балқашта оқушыларға жаңа спорт алаңы ашылды

    Жаңа алаңда арнайы белгіленген футбол алаңы, қақпалар, көше тренажерлері орнатылған воркаут аймағы және жүгіруге арналған жолақтар бар. Қауіпсіз әрі заманауи жабын мұнда дене шынықтыру сабақтарын, жаттығулар мен спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

    Балқашта оқушыларға жаңа спорт алаңы ашылды

    Жоба «Сары Қазына» ЖШС мен «Медная компания Коунрад» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Коунрад» жеке қоры арқылы жүзеге асырылды.

    — Мектеп жанындағы спорт алаңы — балалардың денсаулығы мен болашағына қосқан үлесіміз. Балалардың спортпен айналысып, белсенді уақыт өткізуіне көбірек мүмкіндік болғанын қалаймыз, - деді «Коунрад» қорының басқарма мүшесі Раулан Қозғамбаев.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары