Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз. Тақырыбы: «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қалай төлейді?»

    Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз. Тақырыбы: «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұлды қалай төлейді?»

    Сұрақ: Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданамын («e-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланамын). Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептеліпті. Оны қайда және қалай дұрыс төлеуге болады, қандай деректемелерді көрсету қажет?

    Жауап: Әлеуметтік төлемдерді уақтылы немесе толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлды бірнеше ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:

    1. Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы:
      • Halyk: Төлемдер → Барлық төлемдер → Мемлекеттік төлемдер → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
      • kz: Мемлекеттік қызметтер / Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған аударымдар (немесе өсімпұлдарды төлеуге арналған тиісті бөлім).
    2. «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы.

    Маңызды: Есептелген өсімпұл сомасын алдын ала « e-Salyq Business» мобильді қосымшасы немесе Салық төлеушінің кабинеті арқылы тексеріп алған жөн. «e-Salyq Business» қосымшасы арқылы әлеуметтік төлемдер мен өсімпұл сомасын тікелей есептен шығару және төлеу жүзеге асырылмайтынын ескеріңіз. Қосымша чектерді қалыптастыру және міндеттемелерді есептеу үшін қолданылады.

    Төлем белгілеу кодтары (ТБК / КНП)

    Төлемді жүргізу кезінде төлем белгілеу кодын дұрыс көрсету өте маңызды:

    - 019 – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша өсімпұл;

    - 098 – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) бойынша өсімпұл;

    - 017 – әлеуметтік аударымдар (ӘА) бойынша өсімпұл;

    - 124 – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМСЖ) бойынша өсімпұл.

    Төлемді алушы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.

    Мерзімдер мен ставкалар туралы еске саламыз

    - Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін әлеуметтік төлемдердің жалпы мөлшері айлық кірістің 4%-ын құрайды (МЗЖ, ЖБМЗЖ, ӘА және МӘМСЖ үшін 1%-дан).

    - ЖБМЗЖ 1975 жылға дейін туған азаматтармен төленбейді.

    - Төлеу мерзімі: табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмейді.

    Есепті айда табыс болмаған жағдайда төлемдер есептелмейді.

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары