Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, 2027-2029 жылдары аудандарда жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар талқыланды.
Аймақ басшысы жобалардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімділігіне, өзектілігіне ерекше мән беруді атап өтті.
«Бюджет кодексіне сәйкес, алдағы үш жылдық кезеңде республикалық бюджет есебінен маңызды нысандар салу, стратегиялық мәні бар жобаларды қаржыландыру көзделген. Жергілікті бюджеттен де өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруымыз қажет.
Бұған дейін қала және аудан әкімдеріне, сондай-ақ тиісті басқарма басшыларына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды әзірлеу жөнінде тапсырма берген болатынмын. Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бір-бірін қайталайтын және тиімділігі төмен жобаларға жол берілмеуі тиіс. Қаржының нақты нәтижеге бағытталғаны маңызды.
Барлық әкімдер мен басқарма басшыларына айтарым, жергілікті бюджет қаржысы жетпейді деп отыруға болмайды. Республикалық бюджет есебінен қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін жобаларды тиісті министрліктермен қазірден бастап пысықтаңыздар. Олар халықтың жайлы тұрмысына, өмір сүру сапасын арттыруға және өңір экономикасының дамуына бағытталуы тиіс», – деді аймақ басшысы.
Жиында қала және аудан әкімдері алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жобалар туралы баяндама жасады.
2027-2028 жылдары бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау, білім беру, су, энергетика, газ және жылумен жабдықтау, спорт, көлік және туризм инфрақұрылымын дамыту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ ұлттық жобаларды іске асыру көзделген.
Мұрат Нәлқожаұлы қала және аудан әкімдеріне жобалардың тиімділігі мен әлеуметтік маңызына баса мән беруді, бюджеттік өтінімдерді сапалы әзірлеуді және тиісті мемлекеттік органдармен жұмысты күшейтуді тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдағы үш жылдықта жүзеге асырылатын маңызды жобалар талқыланды
Ұқсас материалдар

ШҚО-да 10 адамға «облыстың Құрметті азаматы» атағы берілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіАшу
Қазақстан, Өзбекстан және БАӘ Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан теміржол бағытын дамытуға ниетті
Көлік министрлігіАшу
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Құқықтық сағат» өтті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліАшуШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ «АРБАТ» АЛАҢЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АКЦИЯСЫ ӨТТІ.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Қызылорда қаласының әкімдігі" жаңалықтары

Егін жинау науқаны қызу жүруде
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Егін жинау науқанының барысы қаралды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Алдағы жылдарға жоспарланған ауқымды жобалар талқыланды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу
Қызылорда облысы мен қытайлық компаниялар арасында екі келісім жасалды
Қызылорда қаласының әкімдігіАшу