
БҰҰ БасАссамблеясының Қазақстанныңбастамасымен22сәуірді Халықаралықпланетаны көгалдандыру күні деп жариялаутуралы қарар қабылдауы–еліміздіңэкологиясаласында жүргізіп отырған жұмысына берілгенмаңызды халықаралық баға.
Бұл бастаманы Мемлекет басшысыҚасым-ЖомартТоқаев2025жылғы қыркүйектеұсынған болатын.Қазақстанның ұсынысынәлемнің түрлі өңірлерінен32мемлекет қолдады.
Қазақстанда көгалдандыру жұмыстарыжүйелі түрде жүргізіліп келеді.Оның негізгібағыттары–ормандарды қалпына келтіру,орман алқаптарын ұлғайту,шөлейттенудіңалдын алу,климаттың өзгеру салдарын азайтужәне елді мекендерді көгалдандыру.
2021–2025жылдары мемлекеттік орман қорыаумағында1 млнгектардан астам жерде1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылып,тұқымсебілді. 2026жылы210 млн-нан астам көшетотырғызу жоспарланған.Мемлекет басшысының2 млрдағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын2027жылдың соңына дейін орындау көзделіпотыр.
Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарыдажалғасуда. 2021–2025жылдарыжоспарланған15 млнағаштың орнына шамамен18,4 млнағаш отырғызылды.Алдағы уақыттааудан орталықтарыменауылдық елдімекендерді көгалдандыруға,сондай-аққалалардың айналасында жасыл аймақтарқұруға басымдық беріледі.
Аралтеңізінің құрғаған табанындадаауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025жылдары1,1 млнгектардан астам аумақ орман-мелиорациялық жұмыстармен қамтылды.Бұлжұмыстар алдағы уақыттадажалғасады.Сонымен қатар көшет өсіруге қажеттіинфрақұрылымды дамыту және атқарылатынжұмыстарды ғылыми сүйемелдеуқарастырылған.
«ТазаҚазақстан»жалпы ұлттық бастамасыаясында соңғы екі жылда елімізде1,5мыңғажуық экологиялық іс-шараөткізіліп,шамамен5,5 млнағаш отырғызылды.Экологиялық іс-шараларға жыл сайын миллиондаған азаматпенерікті қатысады.
Қазіргі міндет–ағаш отырғызу көлемінарттырумен қатар,оның сапасынадакөңіл бөлу.Осыған байланысты орман питомниктеріндамыту,өңірлерді жергілікті жағдайғабейімделген көшеттермен қамтамасыз ету,отырғызылған ағаштардың жерсінуін бақылаужәне елді мекендердің айналасындағы жасылаймақтарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы бағыттардың бірі–ОрталықАзияелдерінің«Орталық Азияның жасыл қалқаны»өңірлік бастамасы.Оның аясында қорғанышорман екпелеріменжасыл белдеулер құрукөзделген.Қазақстандаосыбастама шеңберінде1 млнгектардан астам аумақта орман екпелерінотырғызу мәселесі қарастырылуда.Соныменқатар халықаралық климаттық қаржыландырудытартаотырып,орман-климаттық жобаларды іскеасыру жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында биоәртүрліліктісақтау және орнықты пайдалану жөніндегі2026–2035жылдарға арналған тұжырымдамададаормандарды қорғау және молықтыруға ерекшекөңіл бөлінген.
Тұжырымдамаға сәйкес,орманмен көмкерілгенаумақтарды2026жылғы14,03 млнгектардан2035жылға қарай14,7 млнгектарға дейінұлғайту жоспарланған.Сонымен біргеормандарды молықтыру,орман өсіруге жарамдыжаңа жерлерді анықтау,орманды қалпынакелтіру және көгалдандыру жұмыстарыжалғасады.
Осыжұмыстардың барлығы еліміздің жасылқорын ұлғайтуға және табиғи экожүйелердісақтауға бағытталған.Бұл бағыттағы жұмысалдағы уақыттадажүйелі түрде жалғасады.
Халықаралық планетаны көгалдандырукүнінің белгіленуі елдерді ортақ экологиялықмәселелерді шешуге біріктіруге мүмкіндік береді.Бұл күні мемлекеттер,халықаралық ұйымдар,ғылыми қауымдастық, бизнес,еріктілерментұрғындар жерлерді қалпына келтіру,орманалқаптарын көбейту және елді мекендердікөгалдандыру бағытындағы жұмыстарғаназараудара алады.
Қазақстаносыбастаманы ұсынған мемлекетретінде елдегі көгалдандыру және ормандардықалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып, осыбағыттағы халықаралық ынтымақтастықты оданәрі дамытуға ниетті.









