📚 1 қыркүйек — Білім күні! 🔔


    1 қыркүйек күні Разгульное ауылында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.

    Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз — бірінші сынып оқушылары үшін ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды. Олар үшін жаңа әрі маңызды өмір кезеңінің басталғанын білдіретін алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. 🌸📖

    Жаңа оқу жылының басталуымен оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Уразов Дархан Ақжигитұлы құттықтап, оқушыларға оқуда табыс, жаңа білім, жарқын жетістіктер және армандарына нық қадам басуды тіледі.

    🎓 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті өтсін! 🔔

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары