Жаңа 2026-2027 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

    Жаңа 2026-2027 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 14 шілденің № 193 НҚ бұйрықпен енгізілген өзгерістермен, 2026-2027 оқу жылына мектеп оқушыларына арналған жаңа оқулықтар кейбір сыныптарда ауыстыру қажеттілігі бойынша сатып алынды, атап айтқанда 3, 7 сыныптарда ауыстыру толығымен жүргізілді.

    2026 жылғы 25 тамызда Нұра ауданында барлық 27 мектебіне оқулықтар жеткізу аяқталды.

    Барлық оқушылар Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары