
Нұра ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларацияның жарияланғанына 32 жыл толуына орай және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жеке және командалық чемпионаттың аудандық кезеңі өтті.
Жарысқа аудан мектептерінен:
14–15 жас санатында – 12 команда;
16–17 жас санатында – 13 команда қатысты.
Жас спортшылар әскери-қолданбалы даярлық, шапшаңдық, төзімділік пен ептілік бойынша сынға түсіп, жоғары дайындықтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен табандылығы үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтап, облыстық кезеңде сәттілік пен жеңіс тілейміз! 🏆
#НұраАуданы #АдалАзамат #ӘскериҚолданбалыСпорт #ӘскерилендірілгенКросс #ЖасСпортшылар #ЖеңіскеЖол








