
Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 8–11-сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты – Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың ақын поэзиясына деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ұлттық рухын дамыту.
Аудандық байқауға білім беру ұйымдарынан барлығы 20 оқушы қатысып, бес бағыт бойынша өздерінің білімі мен өнерін ортаға салды. Қатысушылар ақынның жалынды жырларын мәнерлеп оқып, шығармаларын жан-жақты талдап, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Төрт оқушы облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Барлық қатысушыларға, оларды дайындаған ұстаздар мен қолдау білдірген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
#НұраАуданыныңБілімБөлімі #МахамбетОқулары #АудандықБайқау #ҰлттықРух #ЖасДарын









