📚 «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    📚 «ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінде (ресурстық орталықта) «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында педагогтер мен оқушыларға арналған әдістемелік кездесу өтті.
    Кездесуге 67 қатысушы офлайн, 240 қатысушы онлайн форматта қосылып, барлығы 307 педагог пен оқушы қамтылды.
    Кездесу барысында жырды мүдірмей, мәнерлеп жатқа оқу, көркем әрі эмоционалды жеткізу, көнерген сөздер мен тарихи атаулардың мағынасын түсіндіру, оқушылардың сөздік қорын байыту бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар жырда кездесетін жер-су атауларын картадан көрсету, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды географиялық нысандармен байланыстыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілді.
    Іс-шара қатысушылардың жобаға сапалы дайындалуына, тарихи жырлардың мазмұнын терең меңгеруіне және ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
    Кездесуге белсенді қатысқан педагогтер мен оқушыларға алғыс білдіреміз! Жоба қатысушыларына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!
    #НұраАуданыныңБілімБөлімі
    #ТұлпарМініпТуАлған
    #ҰлттықМұра
    #ӘдістемелікКездесу
    #АдалАзамат

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары