Атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша ашық есік күні

    Атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша ашық есік күні

    2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 16:00 Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) азаматтарға консультациялық көмек көрсету мақсатында ашық есік күні өтеді.

    Іс-шара барысында азаматтар Комитеттің құзыртіне кіретін мәселелер бойынша мамандардан консультациялар ала алады, оның ішінде:

    • атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
    • атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау;
    • ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
    • атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау.

    Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Комитет мамандарынан тиісті түсіндірмелер ала алады.

    Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 5 қыркүйек күні 13:00-ге дейін:57-14-90 телефоны арқылы, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.

    Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 57 А.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» РММ" жаңалықтары