Алматы қаласында радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу бойынша семинар өткізілді

    Алматы қаласында радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу бойынша семинар өткізілді

    Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында «Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЗТБ (бұдан әрі – ЯТҚ ҒТО) «Радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді.

    Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігімен екіжақты ынтымақтастық шарасында Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшіліктің Радиологиялық қауіпсіздік офисі (ORS) мен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен және ЯТҚ ҒТО қолдауымен ұйымдастырылды.

    Семинарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының 14 өкілі қатысты.

    Семинардың негізгі мақсаты радиоактивті көздерді тасымалдауды жүзеге асыруға жауапты персоналды, оның ішінде жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды, тасымалдаушыларды және ден қою қызметтерін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеуге дайындауға жәрдемдесу болды.

    Семинар барысында қатысушылар радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларға ие болды. Бұл ретте ықтимал сыртқы қатерлерді және көлік қауіпсіздігі деңгейіне әсер ететін факторларды талдауға, сондай-ақ тиісті жоспарларды практикалық әзірлеуге ерекше назар аударылды.

    Семинарды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруге және уәкілетті ұйымдардың ықтимал штаттан тыс жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға ықпал етеді.

    Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, атап айтқанда:

    1. Комитет;
    2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК;
    3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
    4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ;
    5. «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ;
    6. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС;
    7. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС;
    8. «КереметСапаСервис» ЖШС;
    9. «KAP Logistics» ЖШС;
    10. ЯТҚ ҒТО.

    Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» РММ" жаңалықтары