🔹 Департамент ұжымымен ағымдағы жұмыс және қызметтік әдеп мәселелері бойынша кеңес өтті.

    🔹 Департамент ұжымымен ағымдағы жұмыс және қызметтік әдеп мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Департамент басшысының міндетін атқарушысы Ермұқанов Ә.Ә. апта сайынғы жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында Департамент бөлімдерінің ағымдағы жұмыстары, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін уақытылы қарау және оларға жауап беру мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, Еңбек заңнамасы бөліміне және Талдау жұмысы бөліміне жаңадан Бас мамандар тағайындалды. Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге алдағы міндеттері түсіндіріліп, қызметтік міндеттерін сапалы әрі жауапкершілікпен орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Бұдан бөлек, ұжыммен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органның беделіне кері әсер етуі мүмкін әрекеттер мен жарияланымдарға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.

    Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, қарапайымдылық пен ұстамдылық танытуға, қоғамға жат мінез-құлыққа және қоғамдық мораль нормаларына қайшы әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары