Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзып, автокөлігімен қасақана тротуарға шығып, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірген, оның ішінде балалар арбасымен келе жатқан жаяу жүргіншінің қауіпсіздігіне қатер төндірген жүргізушінің бейнежазбасы анықталды.

    Аталған әрекеттер кейіннен әлеуметтік желілерде жариялап, көпшіліктің назарын аудару мақсатында әдейі түсірілген.

    Жүргізушінің жеке басы анықталып, ол ұсталды. Шымкент қаласының 20 жастағы тұрғыны Абдулла Бибарыс болып шықты.

    Тексеру барысында ер адамның көлік құралын басқару құқығы болмаған. Сот шешімімен ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік жолаушысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бұдан бөлек, көлік құралы міндетті техникалық байқаудан өтпеген және міндетті сақтандыру полисі болмаған. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушіге айыппұлдар салынды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

    Жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру арқылы әлеуметтік желіде қаралым жинау әрекеті әкімшілік қамақпен аяқталды. Полиция заңды елемеудің мұндай фактілерін қатаң түрде тоқтататын болады. Ешкімге де ерекше жағдай жасалмайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары