Ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

    Жас Қанат шағын ауданында аудандық сенбілік өтті. Негізгі жұмыстар Кіші Алматы өзенінің арнасы бойында, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтарда жүргізілді.

    Аумақты санитарлық тазарту жұмыстарына 150-ден астам адам қатысты.

    Сенбілік барысында өзен арнасы мен оған іргелес аумақтар тазартылды. Барлығы шамамен 60 м³ қоқыс шығарылды — төрт самосвал. Жұмыстарды жүргізуге 7 арнайы техника жұмылдырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары