Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні ерекше ауқымда аталып өтті. Қарағанды қаласындағы мерекелік концерт соңғы жылдардағы ең ірі шаралардың біріне айналып, рекордтық көрсеткішпен 250 мыңға жуық көрерменді жинады.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Бұқаралық мерекелік шаралар спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар түрінде серіктес қалалар – Саран, Абай және Шахтинскіде, сондай-ақ кеншілер кенттерінде де ұйымдастырылды.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жаңадан бой көтерген алаң өңір тұрғындарымен қатар, Қазақстанның өзге облыстарынан және шетелден келген қонақтардың басын қосты. Мерекелік концертті тамашалауға ТМД елдерінен, Ұлыбританиядан, Қытайдан, Италиядан, Испаниядан және басқа да мемлекеттерден көрермендер келді.

    Қарағанды мұндай ауқымды шараны бұрын-соңды көрген емес: биіктігі 62 метрлік сахна, қуатты дыбыс жүйесі, жарық және мультимедиялық эффектілер көрерменге ерекше әсер сыйлады.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Бір сахнада әлемге әйгілі өнер иелері Дима Билан, Димаш Құдайберген, сондай-ақ Қайрат Нұртас пен Қазақстанның өзге де танымал әншілері өнер көрсетті.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    — Бұл алаңның энергиясы ерекше. Осындай ауқымды әрі жылы лебіз білдірген Қарағандыға және барша көрерменге рақмет. Кеншілер күні құтты болсын! – деді Дима Билан мерекелік шараның атмосферасына жоғары бағасын беріп.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    — Көп рақмет, құрметті ағайын! Бұл – керемет! Кеншілер күні құтты болсын! – деп ұйымдастырушылар мен көрермендерге алғысын білдірді Димаш Құдайберген.

    Кештің шарықтау шегі жарқын мерекелік отшашумен түйінделді.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Жексенбі, 30 тамызда Кеншілер күнін мерекелеу Саран, Абай және Шахтинск қалаларында жалғасты. Мұнда да тұрғындар үшін мазмұнды бағдарлама әзірленді. Оның қатарында ат спорты жарыстары, күштік экстрим, футбол турнирі, балаларға арналған ойын-сауықтар мен концерттік бағдарламалар болды.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Үш қалада танымал қазақстандық өнерпаздар – Luina, Нұржан Керменбаев және Bayansulu өнер көрсетті.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Шахтинскіде қос мереке қатар аталып өтті. Биыл қала өзінің 65 жылдығын атап өтті.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Абай қаласында ең көп қызығушылық тудырған орындардың бірі – шахта жабдықтарының көрмесі болды.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Вагонетка, аспалы локомотив және таспалы конвейер ересектермен қатар балалардың да назарын аударды.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Мерекемен құттықтау үшін тұрғындармен жүздесуге Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Qarmet компаниясының басқарма төрағасы Петр Трушин және «Karaganda Komir» ЖШС директоры Жақан Мұхамеджанов арнайы келді.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Ермағанбет Бөлекпаев Кеншілер күні дәстүрлі түрде облыс тұрғындарын ғана емес, әр буын өкілдерін де біріктіретінін атап өтті.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    — Бұл мереке әрдайым біздің өңірдегі ең басты мерекелердің бірі болды және солай болып қала береді. Шахтерлер облысымыздың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Көмір саласының жұмысшылары мен ардагерлерін шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, ең бастысы, қауіпсіз еңбек тілеймін, – деді облыс әкімі.

    Петр Трушин кеншілердің еңбекқорлығымен ғана емес, өзара көмекке дайын тұратындығымен, қиын сәтте бір-біріне қолдау көрсетіп, әріптесіне сүйеніш бола білетіндігімен ерекшеленетінін атап өтті.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    — Кеншілер – шын мәнінде бірегей жандар. Сіздердің мамандықтарыңыз кез келген адамға бұйыра бермейтін ерекше қасиеттерді талап етеді. Соның ең бастысы – бір-біріңізге деген зор сенім. Күн сайын күрделі әрі ауыр жағдайда еңбек етесіздер. Мұндай кезде жаныңда кез келген сәтте көмекке келіп, қолдау көрсете алатын сенімді серіктестерің бар екенін білу аса маңызды. Міне, сіздердің күштеріңіз бен еңбектеріңіздің айрықша құндылығы да осында. Еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын және барша компаниямыздың атынан сіздерге бас иемін! – деді Qarmet басқарма төрағасы кеншілерді құттықтап.

    Барлық кеншілер қалаларында мерекелік отшашу атылды.

    Қарағанды облысында Кеншілер күні кең көлемде аталып өтті

    Қарағанды облысының тау-кен өнеркәсібінде 22 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өңірде 15 көмір өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың құрамында 11 шахта мен 12 көмір разрезі бар.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары