Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы мекемеге - №22 мекемеге мониторингтік сапармен бардым.

    Сапар барысында сотталғандарды ұстау жағдайларын, соның ішінде қауіпсіздік, санитарлық және тұрмыстық жағдайларды, тамақтану, медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ еңбек пен бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін қарап шықтым.
    Сондай-ақ, мекемедегі сотталғандардың барлық жасақтарымен кездестім. Талқыланған негізгі мәселе – шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаны неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру тетіктерін қолдану болды.

    Р.S. Қазақстанда бас бостандығынан айыру жазасына сотталған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау, сот және арнайы органдардың қызметкерлері өз жазаларын бұрын осы органдарда жұмыс істеген тұлғаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде (колонияларда) өтейді.
    Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, мұндай адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар басқа сотталғандардан бөлек ұсталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары