Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі: кандидатқа арналған бөлмені дөңгелек шолу (360°) бойынша нұсқаулық

    Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі: кандидатқа арналған бөлмені дөңгелек шолу (360°) бойынша нұсқаулық

    Мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдерінен өту кезінде кандидаттың жұмыс орны мен бөлмесінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау қажет.

    Осыған байланысты 360° шолу барысында орындалуы тиіс негізгі талаптармен танысыңыз.

    Бөлмені толық 360° форматта көрсету;
    Барлық қабырғалар, бұрыштар, төбе және үстелдің астыңғы бөлігін бейнежазбаға қамту;
    Тестілеу кезінде пайдаланылатын жабдықтарды көрсету;
    Телефонды/360° камераны жұмыс орны толық көрінетіндей етіп бекіту;
    Тестілеу немесе конкурс кезеңі аяқталғанға дейін камераның орналасқан жерін өзгертпеу;
    Бөлмеде қосымша бейнекамералар орнатпау.

    Талаптарды алдын ала орындап, нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары