ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді

    ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогында бірінші орын иеленді

    2026 жылғы 26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласындағы «Жақсы-2» спорт базасында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

    Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда құрамында 240-қа жуық спортшы қатысты.

    Кубок қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің BATYR TEAM құрама командасы үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді.

    Бұл нәтиженің маңызы ерекше. Себебі ТЖМ құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

    Жарыс «Өзін-өзі қорғау» және «Жекпе-жек» атты екі бағыт бойынша өтті.

    Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша ТЖМ спортшылары жалпы 41 медаль жеңіп алды:
    🥇 12 алтын медаль
    🥈 11 күміс медаль
    🥉 18 қола медаль

    🏆 ҚОРЫТЫНДЫ: 15 команда мен 240-қа жуық спортшы арасында жалпыкомандалық есепте 1-орын.

    Бұл жетістік ТЖМ қызметкерлерінің жоғары деңгейдегі дайындығын, жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысын және команданың ауызбіршілігін көрсетеді.

    ТЖМ Қазақстан Республикасының құрама командасы - BATYR TEAM спортшылары министрлікті республикалық спорт аренасында лайықты таныстырып, ТЖМ жүйесінде қоян-қолтық ұрыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары