
Екпінді және Жыланды ауылдарындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде
Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Екпінді және Жыланды ауылдарындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Екпінді ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылыс барысы зерделенді. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары 82 пайызға орындалған. Алаңда 15 жұмысшы және 2 арнайы техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар Екпінді ауылындағы саябақты абаттандыру жұмыстарының барысы қаралды.
Жыланды ауылында Н. Қазанғапов көшесі бойындағы 820 метр жаяу жүргіншілер тротуарының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 350 метрі толық аяқталып, пайдалануға дайын. Қалған бөлігінде жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
Жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы жергілікті атқарушы биліктің бақылауында.









