Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту

    Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту

    Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (АОЖБ) – мүгедектігі бар адамның жеке қажеттіліктері негізінде оны оңалтуды жүргізудің нақты көлемдерін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат.

    ​Абилитациялау – мүгедектігі бар адамдарда тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені.

    ​Оңалту (реабилитациялау) – мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік және өзге де қызметке қабілеттілігін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.

    ​АОЖБ-ны әзірлеуді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары жүзеге асырады.

    ​АОЖБ-ны әзірлеу кезінде ағза функцияларының бар бұзылыстары мен өмір сүру әрекетінің шектелуі ескеріледі.

    ​АОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу кезінде оңалту әлеуеті мен болжам, оңалтудың техникалық құралдарына және әлеуметтік қызметтерге қажеттілік, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер бағаланады.

    ​АОЖБ-ның кәсіптік бөлігі мүгедектігі бар адамның кәсіптік және еңбек қызметіне жәрдемдесуге бағытталған.

    ​АОЖБ көзделген іс-шараларды іске асыру мерзімдері көрсетіле отырып, мүгедектік белгіленген мерзімге әзірленеді.

    ​Егер мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайы немесе оның қажеттіліктері өзгерсе, заңнама қайта куәландыру жүргізуді және АОЖБ-ны түзетуді көздейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары