Бүгін мен мүгедек балаға күтім жасау кезеңі қалай ескерілетіні туралы айтқым келеді – бұл зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде маңызды мәселе болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар мен қамқоршылар үшін бұл кезеңнің қалай расталатынын және ескерілетінін білу маңызды.
Мүгедектігі бар баланы 18 жасқа толғанға дейін күту кезеңі еңбек өтіліне есептеледі. Бұл дегеніміз, бұл кезең зейнетақы төлемдеріне құқықты анықтау кезінде және зейнетақымен қамсыздандыруды есептеу кезінде ескерілуі мүмкін.
Күтім кезеңін растау үшін ақпараттық жүйелерден ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы мәліметтер пайдаланылады. Егер қажетті мәліметтер болмаса, күту кезеңі сот шешімімен расталуы мүмкін.
Осылайша, ата-аналар мен бала күтімімен айналысатын адамдар мүгедектік, растайтын мәліметтердің болуын уақтылы қамтамасыз ету маңызды.
Зейнетақы төлемдеріне жүгінген кезде бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, яғни, 206 және 208-баптарға сәйкес тексеріледі және ескеріледі.214:11
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









