Мүгедектігі бар адамдардың еңбек құқықтары

    Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мүгедек адамдардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар кепілдіктерді көздейді.

    Еңбек құқығы
    Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектік еңбек шартын жасасудан бас тартуға себеп бола алмайды. Бұл ретте жұмыс беруші жұмыскердің жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс орнын жабдықтау жөніндегі шарттарды көздеуге міндетті.

    Жұмыс уақытының ұзақтығы
    Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жұмысшылар үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы – аптасына 36 сағаттан аспайтыны белгіленген.

    Түнгі жұмыс және қосымша жұмыс уақыты
    Мүгедектігі бар жұмыскерлерді үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады.
    Түнгі уақытта жұмыс істеуге қызметкердің жазбаша келісімімен және медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ғана жол беріледі.

    Қосымша демалыс
    Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік алты күннен кем емес қосымша ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.

    Қызметтік іссапарлар
    Мүгедектігі бар қызметкерлердің қызметтік іссапарға жіберуден бас тартуға құқығы бар. Бұл ретте, егер ол медициналық айғақтар бойынша қарсы көрсетілмесе, іссапарға жіберіледі.

    Денсаулық жағдайы бойынша жұмыс
    Егер қызметкердің денсаулық жағдайы бұрынғы міндеттерін орындауға мүмкіндік бермесе, жұмыс беруші заңнамада көзделген жағдайларда медициналық қорытынды негізінде оны денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілмеген басқа жұмысқа уақытша ауыстыруға не жұмыстан босатуға міндетті.

    Вахталық жұмыс әдісі
    Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытынды берілген күннен бастап вахталық әдіспен жұмысқа жіберілмейді. Басқа қызметкерлер үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы ескеріледі.

    Мүгедектігі бар адамдардың еңбек саласында тең мүмкіндіктерге, қауіпсіз жұмыс жағдайларына және заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктерге құқығы бар.

    Сіздің еңбек құқықтарыңызды білу - оларды қорғаудың маңызды қадамы!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары