ҚАЗИЕВ КӨШЕСІНІҢ ЖАЛҒАСЫ АШЫЛДЫ

    🔹 Шымкент қаласындағы Қазиев көшесінің Арғынбеков көшесінен Төлеметов көшесіне дейінгі жалғасы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

    🔹 Жоба аясында 4 жолақты автомобиль жолы салынып, жол жиегіне ирригациялық жүйе орнатылды. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымы мен аббаттандыру жұмыстары толық орындалды.

    🔹 Жаңа жол солтүстік бағыттағы көлік кептелісін азайтып, қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылына балама бағыт қалыптастырады.

    🔹 Жолдың іске қосылуы Ақжайық және Шымсити шағынаудандары тұрғындарының қала орталығына қатынауын жеңілдетіп, көлік қозғалысының қолайлылығын арттырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ" жаңалықтары