СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

    Осы арқылы «Электрондық үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 169-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.

    Бұйрық жобасында электрондық сауда тауарларына қатысты, Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан осындай тауарларды алушы шетелдік жеке тұлғалардың атына әкетілетін тауарларға экспорттық кедендік баждарды өндіріп алуды қарастырады.

    Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15898692

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары