Аягөз ауданы білім бөлімі Тамыз кеңесінің 1- інші секция отырысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына Педагогикалық-әдістемелік кеңес өткізілді!
Бүгін №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық/аудандық педагогикалық-әдістемелік кеңес болып өтті.
Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа оқу жылына арналған стратегиялық бағыттар жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
1. «Білім сапасының мониторингі: пәндер бойынша динамика, талдау және түзету шаралары»
Баяндамашы: №11 ЖОББМ ДОІЖО Турысбеков Мухтар Мажитович. Пәндер бойынша білім сапасын талдау, оқушылардың үлгерім динамикасы және білімдегі олқылықтарды түзету алгоритмдері ұсынылды.
2. «AI-Driven School: Оқу процесін басқарудағы жасанды интеллект мүмкіндіктері»
Баяндамашы: №1 ЖОББМ ДОІЖО Мақпал Маратқызы. Оқу процесін цифрландыру, жасанды интеллект куралдарын білім басқаруда тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.
3. «Инклюзивті сыныптағы саралап оқыту: барлық оқушыға бірдей мүмкіндік»
Баяндамашы: К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-
гимназиясының ДОІЖО Чинкоджаева Жазира Газизовна. Инклюзивті білім беру ортасында әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, саралап оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
4. «2026–2027 оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері мен нормативтік-құқықтық базаның жаңартылуы»
Баяндамашы: Маликова Жанаргуль Ыдырышовна. Жаңа оқу жылындағы нормативтік-құқықтық өзгерістер, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мен басты басымдықтарын таныстырды.
Кеңес соңында қатысушылар еркін микрофон форматында өзара пікір алмасып, сыни сұрақтарға жауап алды. Жиын қорытындысы бойынша іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге арнайы сертификаттар табысталды.
Жаңа оқу жылына бағытталған стратегиялық жоспарлар білім сапасын арттыруға жаңа серпін берері сөзсіз!
«Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары»
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

АРДАҒЫ АРДАҚТЫ АРДАГЕР, ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚАРТТАР КҮНІ: АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
2026 жылғы 1 қазанда Жаңа жұлдыз ауылының мәдениет үйінің ғимаратында округ активінің кеңесі өтті, онда Железин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Т. Сәденов сайланған әкім Рахат Сабырұлы Жолдыбаевқа куәлік табыс етті.
Железин ауданының әкімдігіАшу
Алматыда музейінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
«Алатау» театры XI маусымда ұлттық өнерді жаңа сахналық формалармен ұсынды
Алматы қаласының мәдениет басқармасыАшу
"Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

«Тілдер шеруі - достық пен бірліктің белгісі»
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Қазақ КСР-нің ағарту ісінің үздігі, КСРО оқу ағарту ісінің үздігі, Еңбек ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Аягөз ауданының Құрметті азаматы Жанжігітова Мария Алатайқызының атына арналған 5-8 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық (тірек мектептер) олимпиадасы
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
"ТАҒДЫРДЫ ТАНЫҒАН – ТАРИХТЫ ТАНИДЫ" Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған оқырмандар конференциясы
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Республикалық ІX Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі .
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Физика- математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И.Аманов атындағы 9-11 сынып оқушыларына математика пәнінен өткен олимпиаданың аудандық кезеңі.
Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу