550 жаңа жұмыс орны: Қызылордада ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

    Облыс прокуроры РизабекОжаровСырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы бойыншажобаны жүзеге асырушы инвестормен кездесу өткізді.

    Өңірдің агроөнеркәсіп саласындағы бұл ірі инвестициялық жоба«Жаркент крахмал - сірне зауыты»ЖШС-менжүзеге асырылып келеді.

    Жобаның жалпы құны –40млрдтеңге.

    Зауыттың іске қосылуы550жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

    Зауыттың қуаттылығы жылына150 тоннаөнімді құрайды.

    Жобаның іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптіккластеріндамытуға серпін бермек.

    Кездесу барысында жобаның жүзеге асырылу мерзімі, құрылыс жұмыстарының барысы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

    Жауапты тұлғаларға жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және туындаған мәселелерді заң шеңберінде уақтылы шешу қажеттігі түсіндірілді.

    Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.

    Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115Call-орталығынадереу хабарласуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының прокуратурасы" жаңалықтары