Жастарға қоғамдық-саяси өмірде ерекше орын берілуде: Құрылтай сайлауы қарсаңында Прагадағы қазақстандықтармен кездесу

    Жастарға қоғамдық-саяси өмірде ерекше орын берілуде: Құрылтай сайлауы қарсаңында Прагадағы қазақстандықтармен кездесу

    Прага қ., 2026 ж. 19 тамыз - Прагада Қазақстан дипломаттарының Чехияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандық азаматтармен кездесуі өтті. Ашық пікір алмасу барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының өзекті мәселелері, оның ішінде конституциялық реформаның іске асырылу барысы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және жаңа жоғары өкілді орган – Құрылтайды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Кездесуде саяси жүйені одан әрі дамытуға, өкілді институттарды нығайтуға және азаматтардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қатысушыларға алдағы Құрылтай сайлауы және оның конституциялық өзгерістерді одан әрі іске асырудағы маңызы туралы ақпарат берілді.

    Жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне де ерекше мән берілді. Елшілік өкілдері шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын сайлауға белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары