
ХАБАРЛАНДЫРУ
автомобильді аукцион өткізу арқылы сату туралы
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі қызметтік автомобильді бағаны көтеру тәртібімен ашық аукцион өткізу арқылы сататынын хабарлайды.
ЛОТ № 01074
Автомобиль туралы мәліметтер
Маркасы мен моделі: ŠKODA SUPERB COMBI
Шығарылған жылы: 2014
Алғашқы тіркелген күні: 04.03.2015
VIN-коды: TMBLF73T9F9045680
Түсі: қара
Жүріп өткен қашықтығы: 184 274 км
Техникалық жағдайы: жақсы, автомобиль жүріп тұр
Аукцион шарттары
Бастапқы бағасы: 1 654.46 еуро
Баға өзгерісінің қадамы: 100 еуро
Сауда-саттық өткізу әдісі: бағаны көтеру аукционы
Аукционның басталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 10:00 (Чех Республикасының жергілікті уақыты бойынша)
Өткізілетін орны:
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі, Pod Hradbami 662/9, 160 00 Praha 6, Střešovice, Česká republika
Қатысушының әрбір келесі баға ұсынысы аукционның белгіленген қадамына — 100 еуроға сәйкес алдыңғы ұсыныстан жоғары болуы тиіс.
Аукционға қатысу шарттары
Аукционға қатысу үшін:
- Аукцион басталғанға дейін Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің банктік шотына 248,17 еуро мөлшерінде кепілдік жарна төлеу қажет.
- Кепілдік жарна аударылғаннан кейін төлемді растайтын құжатты [email protected] электрондық поштасына жіберу қажет.
- Төлемді растайтын құжат алынғаннан кейін Елшілік қатысушыға аукционға қатысуға арналған өтінім нысанын жібереді.
- Толтырылған аукционға қатысу туралы өтінім нысанын аукцион басталғанға дейін Елшіліктің электрондық поштасына жіберу қажет.
Кепілдік жарнаны төлеуге арналған банктік деректемелер
Алушы: Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігі
Банк: ČSOB
Шот нөмірі: 229227887/0300
Кепілдік жарна сомасы: 248,17 еуро
Ескерту: аукцион жеңімпазы деп танылмаған қатысушыларға 248,17 еуро мөлшеріндегі кепілдік жарна аукцион аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарылады. Қаражат кепілдік жарна аударылған сол банктік шотқа қайтарылады.
Байланыс ақпараты
Елшіліктің жұмыс телефоны: +420 233 375 642
Елшіліктің электрондық поштасы:
[email protected]
[email protected]
Байланыс тұлғасы: Mr. Abay Dossaliyev
Ұйым:
Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Czech Republic
Ұялы телефон: +420 735 739 138
Байланыс тұлғасының электрондық поштасы:
[email protected]
Мекенжайы:
Pod Hradbami 662/9, 160 00 Praha 6, Střešovice, Česká republika
Автомобильдің фотосуреттері хабарландыруға қоса беріледі.








