Жедел басқару орталығының камералары 1,2 мыңнан астам заңсыздықты анықтауға көмектесті

    Жедел басқару орталығының камералары 1,2 мыңнан астам заңсыздықты анықтауға көмектесті
    Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және белгіленген ережелерді сақтау бойынша жұмыс жүйелі жалғасуда.
    Мәселен ағымдағы жылдың 7 айында полицияның Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен облыс аумағында белгіленбеген жерлерде темекі шегудің 1 192 фактісі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамада көзделген әкімшілік шаралар қабылданды.
    Айта кетейік, заманауи цифрлық технологияларды қолдану полиция қызметкерлеріне профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және құқық бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.
    Бұл акцияя азаматтарға белгіленген талаптарды сақтау мәдениетін, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділікті" қалыптастыруға бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жүргізілуде.
    Полиция азаматтарды заң талаптарын, тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары