Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік туралы

    Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік туралы

    Құрметті Қостанай облысының тұрғындары!

    Бүгін біз мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударғымыз келеді.

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 154-бабына сәйкес, мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуге, сондай-ақ басқа азаматтармен тең дәрежеде қызметтер алуға құқылы.

    Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында Департамент мамандары объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігін тексереді. Атап айтқанда, пандустардың болуы және олардың нормативтерге сәйкестігі, қолжетімді кіреберіс топтары, тұтқалардың орнатылуы, есік ойықтарының қажетті ені, тактильді бағыттағыштар, қолжетімді санитариялық тораптар және кедергісіз ортаның басқа да элементтері қаралады.

    Қолжетімділік – бұл арнайы элементтердің жай ғана болуы емес, олардың мүгедектігі бар адамдардың қауіпсіз әрі өздігінен пайдалануына нақты мүмкіндік беруі.

    Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда объект иелеріне оларды жою туралы нұсқама беріледі. Заңнамада көзделген жағдайларда әкімшілік жауапкершілік қолданылады.

    Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабында мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік көзделген.

    Қолжетімді орта – бұл тек заң талабы немесе формальды міндет емес. Бұл әрбір адамның білім алуға, еңбек етуге, медициналық, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді алуға, қоғам өміріне толыққанды қатысуына мүмкіндік беретін маңызды шарт.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары