
2026 жылғы 18 тамызда сағат 21:00-ден бастап Дәулеткерей көшесінде ТМ-7 жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысын уақытша жабу жоспарлануда.
Осыған байланысты №3, №7 және №39 қоғамдық көлік бағыттарының қозғалысы уақытша мына сызба бойынша ұйымдастырылады:
Назарбаев даңғылы → Ғ. Қараш көшесі → Самар көшесі → Дәулеткерей көшесі → Мұхит көшесі → әрі қарай бекітілген қозғалыс сұлбасы бойынша.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.









