Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу

    Мемлекеттік қызметті Жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

    Мемлекеттік қызметтің кіші түрлері:

    1. Машиналарды тіркеу.

    2. Машиналарды қайта тіркеу.

    3. Машиналарды тіркеу есебінен шығару.

    4. Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

    Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау:

    1) «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-портал);

    2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

    «Машиналарды тіркеу», «Машиналарды қайта тіркеу», «Машиналарды тіркеу есебінен шығару», «Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

    1) портал арқылы-1 жұмыс күні;

    2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы-2 жұмыс күні.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық / ішінара қағаз түрінде

    Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен шығару туралы тіркеу құжатындағы белгі,

    Мемлекеттік баждар мен алымдардың мөлшері:

    1) Тракторларды, олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, олардың тіркемелерін (монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін мемлекеттік тіркеу үшін техникалық төлқұжат (паспорт) бергені үшін-0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

    2) тракторларға, олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне (монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне нөмір белгісін бергені үшін – 1 АЕК;

    3) механикалық көлік құралын (оған қатысты бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені мемлекеттік тіркегені үшін – 0,25 АЕК;

    4) механикалық көлік құралын немесе тіркемені қайта тіркегені үшін-0,25 АЕК;

    5) механикалық көлік құралының немесе тіркеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін-0,25 АЕК.

    Порталда мемлекеттік баждар мен алымдарды төлеу «Цифрлық үкімет» порталының төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    Машиналарды тіркеу кезінде порталға жүгінген кезде:

    1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2 нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш;

    2) машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындағанын растайтын электрондық құжат.

    3) бюджетке баждар мен алымдар төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі,

    4) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері, оларға мыналар жатады:шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар, кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттемелер);

    Машиналар бастапқы тіркелген жағдайларда:

    қозғалтқыштың номиналды қуатын растайтын дайындаушы зауыт құжатының электрондық көшірмесі немесе өздігінен жүретін машина паспортының және басқа да техника түрлерінің көшірмесі / өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты;

    сәйкестік сертификатының немесе декларацияның көшірмесі.

    Тіркеу құжатының және (немесе) жаңа нөмірлік белгінің телнұсқасын алған кезде:

    1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш;

    2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі,

    Меншік құқығы өзгерген, ортақ меншік пайда болған, тоқтатылған және машиналардың ортақ меншік иелерінің құрамы өзгерген, машина иесінің (меншік иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген, машина иесінің (меншік иесінің) еркі бойынша, машина тіркелген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген жағдайларда:

    1) осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес 1, 2-нысандар бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш;

    2) Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі,

    3) машинаға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:

    азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікке мұрагерлік құқығы туралы құжаттар;

    сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-әрекеттері туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы.

    Бұл мемлекеттік қызметті «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, №101 үй, № 11 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады. Жұмыс уақыты: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

    «Шахтинск қаласының

    кәсіпкерлік және ауыл

    шаруашылығы бөлімі» ММ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ" жаңалықтары