Шу аудандық мәслихатының кезекті LX сессия отырысы өтті.

    2026жылғы 19 тамызкүні Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының кезектіLXсессия отырысы өтті.
    Отырысқа аудан әкімі Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасарлары Н.Султанбаев, С.Пернеш,
    Н.Абдрашев, қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Әрістеев,әкімдіктің бөлім басшылары, жекелеген мекеме басшылары, Шу қаласы және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Кезекті сессияны мәслихат төрағасы Ж.Абенов жүргізіп отырды.
    Күн тәртібінде негізгі қаралған мәселе, ол – «Шу ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі туралы».

    Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Б.Жәнібеков есеп берді. Аудан әкімі өз баяндамасында ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың 2026жылдың6айындағы көрсеткіштеріне, сондай-ақ, алда атқарылатын жұмыстарға тоқталыпөтті.Аудан әкімінің есебін қарау және талқылау барысындамәслихат депутаттары А.Айтжанов, Ұ.Абуов есеп бойынша сұрақтар қойып, оларға аудан әкімі тиісті жауаптар қайтарылды.

    Күн тәртібіндегі «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 49-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі алдын ала өткізілген тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралып, талқылануына байланысты сессия отырысында тиісті өзгерістермен бірге депутаттармен шешім қабылданды. Сондай-ақ, осы сессияда «Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы №25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Осымен кезектіLXсессия отырысы өз жұмысын аяқтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары