Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІ сессиясы өтті

    Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІ сессиясы өтті

    2026 жылдың 17-ші қыркүйек күні «ӘDILET» саяси партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІ сессиясы өтті.

    Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев қатысты. Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды. Сессияның қарауына 3 мәселе қойылды.

    Күн тәртібіндегі Шу аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту мәселесі бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Бахитов хабарлама жасады. Комиссия құрамы депутаттармен талқыланып, сессияда тиісті шешім қабылданды.

    Сондай ақ осы сессия отырысында - «Шу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда қабылданды.

    Сонымен қатар сессияда басқа да мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    Осымен IX шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары